құжаттар

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Акция:"Урок здоровья"
Автор: Аскенова Г. Е.

Шешендік сөздер

Ашық сабақ. 9-сынып. Қазақ әдебиеті.

Пән мұғалімі: Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы.

Сабақтың  тақырыбы:  Шешендік  сөздер. Төле  би.

Сабақтың  мақсаты:1)білімділігі  шешендік  сөздер  жайлы  мағлұмат  беру, шешендік  сөз  иелері,  билер  жөнінде  қосымша  мәлімет  беру,тақырыпты  алу,тәрбиелік  мәнін  ұғындыру.2)Дамытушылық.Оқушыларға  даналық  сөздердің  мағынасын  түсіне  білуге, ақын-ойының  дамуын,терең  білім  дағдарысына  жетелеу.3)Тәрбиелігі.Оны  шығармашылықта  қолдана  білуге  үйрету.Ұлы  сөзге  тоқтауға,сөз  өнерін  құрметтеуге,жақсы  мен  жаманды  ажырата  білуге,саналылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнектілігі:Даналық  сөздер  жазылған  плакат  интерактивті  тақтада  билер  жайлы  слайдтар  оқушылар  көрінісінде  қолданатын  ұлттық  нышандар.Сөзжұмбақ,сұрақ-тапсырмалар  жазылған  үлестірмелер.

Сабақтың  әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,талдау!

Сабақтың  байланысы:тарихпен,қазақ  тілі,ән-күй  сабағымен.

Сабақтың  түрі:Білімді  дамыту  сабағы.

Сабақтың  барысы: І.Ұйымдастыру

  ІІ.Үй  жұмысы.  Шешендік  сөз – даналық  сөз.

1.Үйлестірмелер  бойынша  сұрақ-жауап  әдісі

                1.Шешендік  өнер  дегеніміз  не?

                2.Шешендік  өнердің  түрлерін  атаңыз?

                3.Шешендік  сөзге  тән  қандай  ерекшелікті  білесіз!

                4.Би  дегеніміз  кім? Оның  тарихтағы  орны?

                5.Атақты  би-шешендерден  кімдерді  атай  аласыз?

                6.Билер  сөзінен  қосымша  іздендіңіз  бе?

                7.Осы  күнге  шешендік  өнердің  жайында  не  айтар  едіңіз?                       

2.Жаңа  тақырып.  Төле  би.

«Әділ  билердің  қолында  билік – қазақтың  неше  түрлі  дертін  жазатын  жақсы  дәрі»- Ахмет  Байтұрсынұлының  сөзінен.

                                 Жоспар:

                І.Төле  би  және  қазақ  тарихы

                ІІ.Терме  тыңдау. (9 сынып  оқушысы  қамзенова Ажар домбырамен)

               ІІІ.Оқулықпен  жұмыс  жүргізу.  (63-65 беттер  аралығы)

               ІV.«Топтастыру» кестесін  толтыру

               V.Билердің және  шешендік  сөз  иелерініз.Төрелік  сөздерінен  мысалдар  келтіру

               VI.Пысықтау  сұрақтары

               VII.Білімді  бекіту

               VIII.Үйге  тапсырма

               ІХ.Бағалау

Кіріспе     Жаңбыр  жаумаса ,жер - жетім   

                 Басшысы  болмаса, ел – жетім,

                 Ұқпасқа  айтқан ,сөз – жетім

                 Атың  жақсы  болса – ер  жігіттің  пырағы,

                 Балаң  жақсы  болса – жан  мен  тәннің  шырағы

                 Әйелің  жақсы  болса – бірінші  иманың,екінші – жиғаның,үшінші – ырысыңның  тұрағы.Бұл  толғаудың  иесі  бүгінгі  сабағымызға  арқау  болатын  халқымыздың  басты  тұлғасы,Кемеңгер  ұлы  Төле  би  бабамыз.

Дүние  жүзіне  әйгілі  би  шешендердің  көбі  заң  қызметкері,парламент  қайраткері  болған  екен.Афина  шешені – Демосфен,Рим  шешені – Цицерон.Әуелі  адвокат,кейін  парламент  мүшесі  болған дейді.Халқымыздың  шешен  билері  Төле  би,Қазыбек  би,Әйтеке  билер  де  үш  жүздің  ұлы  тұлғалары.Әділдігімен  еліне  сыйлы  ханына  ақыл – гөй  кеңесші,сөзге  жүйрік  сөз  иелері  болған.Тарихымыздың  беттерін  парақтасақ  ХV - ХVІІІ ғасыр  қазақ  халқының  жоңғар,қалмақ,қытай  басқыншыларына  қарсы  тұрып,өз  тәуелсіздің  қорғау  жолындағы  күрес  жылдарында  1663 жылы  қазіргі  Жамбыл  облысына  қарайтын  Шу  өзенінің  бойында  Әуелмате   шыңындағы Жайсау  жайлауында  дүниеге  келген.Төле  би  бабамыз  жайлы  сөз  қозғаймыз.      (Интерактивті  тақтадан  Төле  би  жайлы  толық  мәлімет  көрсету)

Төле  би  Қабанбай,Бөгенбай,Жәнібек  батырлармен  бірыңғай  халық  майданын  құрып  азаттық  күресін  басқарған.Бұл  тарихта  «Ақтабан  шұбырынды,Ақтабан  сұлама» деген  атпен  қалған  кез.Тәуке  ханнан  кейін  қазақ.

Хандығы  ыдырай  бастағанда,соны  пайдаланған  Жоңғар  хандығы  жайқын  қолмен  шабуылға  шыққан.Осы  кезде  үш  жүздің  биі  бірігіп  қазақ  хандығын  нығайту  үшін  жоңғарға  қарсы  қазақ, қарақыпшақ, қырғыз, өзбек  халықтарының  жауынгерлік  одағын  құруға  атсалысқан.Төле  би  Орынбор  губернаторы  Нетлюевна  Айтбай  деген  кісі  жіберіп,Ресей  қол  астына  қарауға  дайын  екенін  білдірген.Ташкент,Шымкент,Түркістан  қамаларында  көпшілік  пайдаланатын  Женарейтель  салу  ісіне  көп  араласқан.Төле  би  1756 жылы  дүниеден  өтеді.Сүйегі  12 жыл  билік  еткен  Ташкент  қаласына  батырдың  нағашы  атасы  Жүніс  ханның  қасына  қойылды,ол  жерде  Төле  биге  үлкен  ескерткіш  орнатылған.

      ІІ.Терме.   (толғау  орындайтын  Қамзенова Ажар 9 сынып  оқушысы)

      ІІІ.Оқулықпен  жұмыс.

63-бет. Төле  бидің  Әнет  бабадан  бата  алуы.

Оқушы  мәнерлеп  оқиды,мазмұнын  айтады

Ортаға  үш  оқушы  шақырылады.Осы  оқылған  әңгімені  сахналық  көрініс  ретінде  рөлге  бөліп  оқиды.(біреуі  - автор,біреуі  - Әнет  баба,біреуі- Төле  би болады)

             Көрініс.

Автор.  Төле  би  Әнет  бабаға  барып сәлем  беріпті.Жүзге  келген  қарт  би  ел  бірлігі,ынтымақ  жайлы  сөз  айтып  отырса  керек.

 Төле  би:  Қалай  еткенде  бірлік  болады,оның  мәні  не?

 Әнет  баба: (Төлеге  бір топ  шыбық  ұсынып)  -Осыны  сындырып  көрші?

 Автор:  Жас  Төле  шыбықтарды  олай  бір,бұлай  бір  иіп  сындыра  алмапты.

 Әнет  баба:   -Енді  осы  шыбықтарды  біртіндеп  сындыршы?

 Автор:   Жас  Төле  дара  шыбықтарды  оңай  сындырып  беріпті.

 Әнет  баба: - Бұдан  не  түсіндін, балам?

 Төле  би: -Мұның  мәнісі  -  ынтымағы  бар  елді  жау  да,дау  да  ала  алмайды!

  Әнет  баба:  -Дәл  таптың, балам!Ел  билеу  үшін, алдымен  ынтымақ  керек.«Бақ  қайда  барасың?» дегенде,  «Ынтымаққа  барамын» деген  осы.

Оқушылардың  біріне  екінші  әңгімені  оқытамыз.Шабындыққа  таласқан  екі  жігітті  татуластыруы.Бұл  әңгімені  де  көрініспен  көрсетуге  болады.

Ортаға  Төле  би  болып  мәнерлеп  оқитын  оқушыны  шығады.    

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 2016
Дата создания: 16.11.2011
Дата редактирования: 16.11.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource