құжаттар

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Марапаттау
Автор: Ермағанбет Б.А.

Құстар біздің досымыз

«Құстар біздің досымыз»

Кеңес негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ермағанбет Б.А.

Тақырыбы: Көктемді қондырып қанатына

Жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру

Мақсаты: Құстарды қарсы алу, оларға қамқорлық жасау қорғауға тәрбиелеу, құстар туралы ой-өрісін, түсініктерін дамыту

 Көрнектілігі: Қабырға газеті, нақыл сөздер, сурет көрмесі, фото-монтаждар көрмесі, альбом.

  Сабақтың барысы: Шалқыма әуен ойналады.

     «Көктем вальсі»

 1.Лина:Сәуір келді ,

Тірлікке жан кірді,

Кең дала жасарып, жаңғырды

Бар өңір құлпыра бастады

Төсіне құйып ап жаңбырды

Тірлікке жан кірді көктем кеп

Айнала сай-сала көкпеңбек

Диқанның арқасы босады

Қытымыр қысымыз өтті деп

Жыл құстары келді деп

Балдырғандар мәз болды

Қос қанатты желпілдеп

Көлге үйрек-қаз қонды.

2.Ұлпан:  Тырна келді тыраулап

Тіліп өтіп аспанды

Қаздар көлде жүр ойнап

Көктем тойы басталды

Тас төбеден күн келді

Қошеметтеп оларды

Қараторғай былтырғы

Ұясына оралды

Құстар келді, сондықтан

Дала да ашты гүлдерін

Әрбір құсқа жолыққан

Аман-есен жүр!-дедім

 

Кіріспе сөз:Балалар! Біздер жыл сайын көктем айын, қанатты достарымыз-құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстар қиқуына бөленді. Сондықтанда балалар сендерді осы көктемнің келу мерекесімен құттықтаймын.

Мерекемізде қанатты достарымыздың табиғаттағы орны мен адам өміріне пайдасы туралы әңгімелеп, викторина, жұмбақ шешеміз ойын ойнап, ән саламыз.

Адам мен құстардың достығы сонау ерте заманнан-ақ басталған.Оған дәлел: қазақтың аңыз-ертегілері, құстар жайлы айтылған ән-жырлары. Адамды алғашқы рет таңдандырушы құстардың ұшу қасиеті болған. Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде  құтқарушы, жақсылық жасап, дәулет сыйлаушы - Бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды ақылды, айлалы етіпкөрсетіледі. Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы мақал-мәтелдер  сан ғасырлар бойы нақылға айналған асыл сөздер көп. Бұл да адамдардың құстарға деген көзқарасын айқындай түседі. Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.

Хор: «Құстар әні.»

Сахнаға құс үйшіктерін көтерген бір топ бала шығады. Көктемге сәлем береді.

Сәлем елдің көктемі

Әлем енді көктеді

Құрметпенен бас идік

Құстарыңа көктегі.

Құстар тойын құттықтап

Қуанамыз қолдаймыз

Ұя жасап ұқыптап

Біз оларды қолдаймыз.

Басына сәукеле киіп, гүл құшақтап билей басып «Көктем» шығады.

Мұғалім:Сағынышпен жеткен

Қуана бер, көктем

Жайнап нұрлы гүлің

Басқар «Құстар күнін»

Көктем: Сәлем, достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда

Шат-шадыман көктемін

Шаттық болсын әманда

Ән құрадым үніммен

Сән құрадым гүліммен

Құантамын бәріңді

Құт-мереке күніммен.

Ән: Көктем келді

Құс ұяларын арнайы ағаш бастарына іледі.

Көктем: Рахмет, балалар

Сендерде ой-сана бар

Бау-бақшаның дұшпанын

Бастырмайды құстарым

Кербез құстар әнімен

Келді, міне, сәнімен.

Ән: Қос қарлығаш орындайтын Қанат Парасат

Көктем: Қос қарлығаш әніні

Қол соғайық сүйсіне

Көктем: Елдің сәні көлдің сәні – ақ құсы

Келді жұппен көптен күткен бақ құсы.

Көктем:Құстарым, менің құстарым

Ұнайды биік ұшқаның

Мерекелік шеруіңді жалғастыра бер

Дильназ: Құс сұлуы аққумын

 Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған

Сұлулыққа паш етіп

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі

Құс патшасы атым бар.

Қарлығаш Бауыржан: Қарлығашпын,

Мен адамның тұрағын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй-ішін

Шыбыл деген кеселден

Ел аузанда мақтаулы

Тазалықты сүйемін.

Қараторғай Әділбек: Мен қараторғаймын

Шегірткедей жұтыңды

Қырғи болып қиямын

Егістікке, жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарғакеле жатырмын

Тоқылдақ Ұлпан: Балалар, мен орман құсы тоқылдақпын.Ағаш қабығының астынан зиянкестерді оңай табамын. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жоямын. Ал қыстың бір күнінде 150-ден астам қабық жегіш қоңыз ұстаймын.

Көкек Әлібек: Бір қонып, бір секіріп,

Менің атым «Көкек» деп.

Қорықпандар жаз өтед деп

Мен ғой келген жетектеп

Тұрады жаз тамылжып

Қойсам болды көкек деп.

Бұлбұл Дамир: Мен еркін бақытты бұлбұлмын

Бұлағын  тасытқан ән-жырдың

Тамаша тамылжып шырқаймын

Шаттығын тауыса алмай әр күннің       

Торғай Жазира: Мен, торғаймын, торғаймын

Көк аспанды шарлаймын

Жердегі бар қызықты көкте тұрып барлаймын

Мен, торғаймын, торғаймын

Жерге бекер қонбаймын

Шегірткеден, шіркейден

Ақ бидайды қорғаймын.

Ән: Боз торғай орындайтын Кажина А., Бұланбаева А.

Көліңе аққу қаз қонған қуаныш-думаның ұзағынан болсын!

Қайта оралған ару құстарыңа арнап «Аққу биін» орындап берейік. 1-сынып балалары    

Көктем: Ән-күйге қандай шек болсын. Орындап бер өнерпаз!

Мұғалім: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал-мәтелдері қаншама. Мақал-мәтелдер халықтың педагокиканың үлкен бір арнасы. Сол мақал-мәтелдерге зер салайық.

1-сынып оқушылары:      

Нұрболсын: Ақсұңқар құстың баласы

Алдына қоймай жем жемес

Карина: Аққу құссыз көл жетім

Айтылмаған сөз жетім

Кирил: Өлеңге енсе сөз сұлу

Аққу жүзсе көл сұлу

Ерасыл: Қарға баптанып, сұңқар болмас

Есек мақтанып, тұлпар болмас

Сабина: Бұлбұлға бау жақсы

Кекілікке тау жақсы

Ер жігітке бәрінен,

Туып өскен ел жақсы.

Аружан: Ал, балалар қандай жыл құстарын білесіңдер? (барқылдақ, торғай, суық торғай, боз торғай, қарлығаш, шымшық, көкек, қара торғай, т.б.)

Оларды не үшін жыл құстары дейміз?

-Қыстап қалатын құстарды білесіңдер ме? (ұзақ қарға, тоқылдақ, сауысқан, сары шымшық, көгершін)

Дұрыс. Олар ешқайда кетпейді. Олар суыққа төзімді келеді. Қандай аяз болса да өз қоректерін тауып жейді.

-Енді, балалар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік.

1.Адам қай құсты құсты аң аулауға пайдалынады? (бүркіт)

2.Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)

3.Қандай құс ұя салмайды? (көкек)

Мұғалім: Құстарға арналған көптеген жұмбақтарда бар. Енді осындай біраз жұмбақ шешіп көрейік.

1.Көктемде құстар қайтқанда

Ең алдымен келетін

Өзіміз күтіп алатын

Ұя жасап беретін

Бұл қандай құс балалар? (Қараторғай)

2.маң-маң басқан жүрісі

Барлық құстың ірісі

Қашанда құстай ұшпайды

Құғанын бірақ ұстайды. (Түйеқұс)

3.Көңілдің көркі сән екен

Ұшқанда сазды ән екен

Айқындар оны байқаған

Адамдар оны сақтаған

Бұл қай құс? (Аққу)

4.Ақ сарайын талқандап

Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)

5.Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын

Өрінен мен түскенде

Өңі кірер даланың. (Шағала)

Көрініс: «Құс ұясын бұзбайық.»

Әділбек: Ей, балалар, балалар!

Аман болсын аналар!

ҚҰстарда да ана бар

Құстарда да бала бар

Кім сүймейді баласын?!

Осылар еске түскенде

Бір ойланып қалалсың!

Өсіруге баланы

Құстар ұя салады

Жасауға жұмсақ ұяны

Жабағы жүн жияды

Жайлы қып жасап ұяны

Жұмыртқасын салады

Бір қуанып қалады

Тақия тұзақ салмайық!

Қарғысына қалмайық!

Әдейі көздеп атпайық!

Көп күнаға батпайық!

Құс ұясын бұзбайық!

Жұмыртқасын алмайық!

Обалына қалмайық!

Хор: Ақ көгершін

Қорытындылау:

Мұғалім:Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп, баптайды. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғай керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілүіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жем шашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты, құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.

Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, әсем сазды үнмен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы  ең сұлу ерекшеліктерді құсқа теңеп «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қасындай», «қаз дауысты», т.б., деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркіт» деп балаларына ат қойған.

Көрнекілікпен жұмыс: Бүгінгі «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағаты аяқталды.

Көктем:Құрметті қонақтар, оқушылар! Сіздердің көктем жаршысы құстарды, қанатты достарыңды жақсылап қарсы алып, қамқорлық көрсетіп жатқандарыңа тән ризамын. Мерекелік шараның өтуі, балалардың қатысуы маған ұнады. Әр кезде достығымыз жараса беруін қалаймын.   

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 1183
Дата создания: 09.04.2013
Дата редактирования: 09.04.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource